Мырзабаева Айгүл Уәлиханқызы 2011 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ды «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы ҚазРМУ-да «Терапия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 2013 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласындағы Шұғыл медициналық жәрдем көрсету қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінде терапевт-дәрігер болып жұмыс істеді. 2015 жылдан 2018 жылға дейін Чехия Республикасының Прага қаласындағы CZP Jírny медициналық орталығында терапевт- дәрігер болып қызмет атқарды. Амбулаториялық қабылдау жүргізіп, кәсіби қызметіне сәйкес құжаттама жүргізумен айналысты. 2021 жылдың ақпан айынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы қаласындағы «Экомед» ЖШС — Адамның ұрпағын өрбіту орталығында терапевт-дәрігер болып жұмыс істеді. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың клиникалық пәндер кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. Стоматология факультетінің студенттеріне арналған TBL (топтық оқыту) материалдарын үш тілде әзірледі; үшінші курс студенттеріне арналған тірек-қимыл жүйесі мен қан тақырыптары бойынша TBL сабақтарын үш тілде дайындады. Сондай-ақ, жүйке жүйесі, тірек-қимыл жүйесі және қан бойынша тесттерді үш тілде аударды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.Асфендияров атынд.ҚазҰМУ
Жоғары
2011
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0